Astana Invest Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев «Investment & Innovation Group» компаниясының басшысы Жанат Әбдікаевпен және «Visit Astana» компаниясының басшысы Әнуар Темірғалиевпен кездесті.
Кездесу барысында Е.Балтаев туристік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, тараптар Нұр-Сұлтан қаласында ішкі туризмді дамыту саласындағы перспективалы жобаларды, соның ішінде демалыс күнгі турларды ұйымдастыруды, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ «Visit Nur-Sultan» серіктестік бағдарламасын талқылады.