А.ж. 12 тамызында Astana Invest туристік бағыттарды дамыту мәселелерін талқылау үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы «2 ГИС» компания өкілімен кездесу өткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша жаңа айдарлар ашу арқылы туристер мен елорда тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ «Visit Nur-Sultan» серіктестік бағдарламасы шеңберінде бірлескен іс-шаралар өткізу бағыттары бойынша ынтымақтастыққа қол жеткізілді.
Анықтамалық:
Бүгінгі күні 2 ГИС – қосымшасы ең қажетті қосымшалардың бірі болып табылады және Қазақстанның ең жүктеп алынатын қосымшаларының тізіміне кіреді. 2 ГИС Astana компаниясы елордада 6 жыл жұмыс істеп келеді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2 ГИС платформасында қазіргі уақытта 50 000 ұйым тіркелген және 1,6 миллион пайдаланушы бар.