Қазақстандық делегацияның Казан қаласына жұмыс сапары аясында Astana Invest Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев Казандағы туризмді дамыту комитетінің директоры Дарья Санниковамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Нұр-Сұлтан және Казан қалаларының туристік әлеуетін дамытуға, туристерді тартуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларына байланысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша әріптестік туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.