АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Қаланың «Visit Nur-Sultan» серіктестік бағдарламасы ірі жарнама операторына таныстырылды

stay
stay
[HTML]

Бүгін «MYD Production» ЖШС Бас директоры Арина Рябухинамен кездесу өтті.

«MYD Production» компаниясы еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Түркістан, Ақтөбе қалаларындағы халықаралық әуежайлар сияқты стратегиялық маңызды объектілеріне, сондай-ақ, «Нұрлы Жол» астаналық теміржол вокзал кешеніне және басқа да жобаларға қызмет көрсетеді.

Кездесу барысында қаланың мақсаты туризм саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту болып табылатын «Visit Nur-Sultan» серіктестік бағдарламасы таныстырылды.

Сонымен қатар, кездесуде ішкі туризмді дамыту және елорданы туристік дестинация ретінде ілгерілету тұрғысынан перспективалы жобаларды дамыту бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.