АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Шетелдік компанияларға инвестицияларды қажет ететін жобалар ұсынылды

[HTML]

ASTANA INVEST» Қалалық Инвестицияларды Дамыту Орталығы» ЖШС, «ASTANA» Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы» АҚ және «KAZAKH INVEST» Ұлттық Компаниясы» АҚ-мен бірлесе отырып, экономиканы дамытудың және инвестицияларды тартудың басым салалары бойынша кеңес-отырыс өткізді.

Кездесу барысында «SUCIRE PATTON BOGGS» ірі халықаралық компаниясы мен Enovid LLP инвестициялық компаниясы өкілдеріне «Нұржол» жабық сулы-жасыл бульвар құрылысы, «Аэротрополис» жобасы, сондай-ақ басқа да қалалық жобалары таныстырылды.

Кездесу барысында қаланың спорттық нысандарын басқару мәселелері де талқыланды.

Шетелдік жақ өздерінің халықаралық тәжірибелерімен, сондай-ақ жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы ой-пікірлерімен бөлісті.