Бизнес жобаларды Орталық Азия елдерінде іске асыратын "i-STOP" атты Американдық компания бүгін ақылды тұрақ құрылысы бойынша жобасын таныстырды.
Соңғы жылдары Астанада тұрақ тапшылығы маңызды мәселелердің бірі болып келетіні белгілі. Компания, жаңа технологияларды қолдана отырып, тиімді әрі үнемді жаңа заман тұрақтарын ұсынады.
Кездесу шеңберінде ASTANA INVEST мемлекеттік қолдау іс-шаралары мен қаладағы инвестициялық қызметтер жайлы кеңес өткізді.