АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесті

stay
stay
stay
stay

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.


Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде қалыптасқан ахуалды талқылап, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажет екенін айтты. Президенттің пайымдауынша, бүгінде біздің алдымызда бүкіл қоғамдық тыныс-тіршілікті түбегейлі трансформациялау міндеті тұр. Мұның стратегиялық мәні бар.


Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қауымдастықты осыдан сабақ алып, Жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті жаңа экономикалық  саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.


Президенттің сөйлеген сөзінде мынадай маңызды қағидаттар айтылды:


  • әділ бәсекелестік;
  • қабылданатын шешімдердің ашықтығы;
  • мемлекеттік саясаттың болжамдылығы;
  • бизнестің салықтық тазалығы;
  • кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі.

Президент мемлекеттің барлық инвестициялық міндеттемелерді мінсіз орындайтынын тағы да мәлімдеді.


Толығырақ: www.akorda.kz