Уәкілетті органның шешімімен (Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы) «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС Басқарма Төрағасы болып Балтаев Ержан Талғатұлы тағайындалды.
Балтаев Ержан Талгатұлы - заңгер, халықаралық коммерциялық құқық магистрі (LLM), Басқару саласының магистрі (MBA).
Банк саласында, жеке және ұлттық компанияларда басшылық қызметтерде жұмыс тәжірибесі бар, сонымен бірге Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының үйлестірушісі болып жұмыс істеді.
2018 жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В. басқарушы директор болып жұмыс істеді.