Өзбекстан Республикасының Президенті Шавқат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары қарсаңында Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы аясында Астана әкімдігі мен Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында Астанада Өзбекстан Республикасының сауда үйін ашу жоспарлануда. Бұл қадам сауда-экономикалық байланысты нығайтып, екі ел арасындағы бизнес пен инвестицияға жаңа мүмкіндіктер ашады.