Бүгін, 2018 жылғы 21 желтоқсанда «Astana Invest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС мен «KIT» Бизнес қауымдастығы» ЗТБ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты өзара ынтымақтастық орнату, кәсіпкерлік қызметті дамыту және қолдау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және ынтымақтастық болып табылады.
Меморандумға «Astana Invest» ҚИДО Басқарма төрағасының орынбасары Кабульдинов Мухамед пен «KIT» БҚ атқарушы директоры Құлтұрсынов Жақсылық қол қойды.
Қол қойылған меморандум аясында кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасау бойынша шаралар іске асырылатын болады.