АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Ellington Group KAZ» Ltd компаниясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

[HTML]

Нұр-Сұлтан қаласында көпфункционалды туристік аудан құру» инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Ellington Group KAZ» Ltd компаниясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Astana Invest Басқармасының төрағасы Е. Т. Балтаев  «Нұр-Сұлтан қаласында көпфункционалды туристік аудан құру» инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Ellington Group KAZ» Ltd компаниясы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсіміне қатысты.
Қол қою елорда әкімі А. С. Көлгінов пен «Ellington Properties Development LLS» компаниясы директорлар Кеңесінің төрағасы Джозеф Томастың қатысуымен өтті. Жобаның құны шамамен 1 млрд. АҚШ долларын құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі 2020 жылдан бастап 2027 жылға дейін.
Жобаны жүзеге асыру мақсатында АХҚО аумағында «Ellington Group KAZ» Ltd еншілес компаниясы құрылды.

«Ellington Properties Development LLS» компаниясы 2014 жылы құрылған және Дубай қаласында (БАӘ) жылжымайтын мүлік саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады, осындай жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибесі бар.