Astana Invest және Қазан қаласының туризмді дамыту комитеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
[HTML]Екі жақты ынтымақтастықты нығайту аясында Astana Invest басқарма төрағасы Ержан Балтаев пен Қазан қаласының туризмді дамыту комитетінің директоры Дарья Санникова арасында Меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі таңда бұл екіжақты диалог белсенді және сенімді сипатқа ие. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін татар тарапымен бірқатар келіссөздер жүргізіліп, қазақстандық делегацияның Татарстан Республикасына жұмыс сапары өтті.
Меморандум жасасу Нұр-сұлтан (Қазақстан) және Қазан (Татарстан) қалалары арасында туризмді және халықаралық туристік бағыттарды дамыту саласында: туризм мәселелері бойынша өзара консультациялық ақпараттық-талдамалық әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша, Нұр-сұлтан қаласынан Қазан қаласына туристерді тарту саласындағы ынтымақтастық бойынша және кері бағытта екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық жөніндегі перспективалық іс-шаралар бірлескен жобалар, дәстүрлі туристік бағыттарды қалпына келтіру және жаңа туристік маршруттар ашу, топтық және жеке туризм түрлерінің алуан түрлілігін кеңейту, сондай-ақ туризм саласында тәжірибе алмасу нысанында жүзеге асырылатын болады.