Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде қала әкімі Бақыт Сұлтанов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Бигари және БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мохаммад Ахмад Альджабердің қатысуымен білім беру жобаларын дамыту бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында инвестициялық преференцияларды қарастыратын «SABIS» халықаралық мектебінің құрылысы» инвестициялық жобасын іске асыру үшін инвестициялық келісімшартқа қол қойылды. Бұл Қазақстандағы білім беру саласындағы алғашқы инвестициялық келісімшарт.
Екі жыл ішінде «SABIS» компаниясымен үлкен ынтымақтастық жұмысы жүргізілді. Білім беру саласындағы жобаны жүзеге асыруды, оның ішінде инвестициялық келісімшарт жасасуды, жер учаскелерін алуды және басқа да рұқсаттарды мемлекеттік қолдау шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
«SABIS» халықаралық мектептер желісі әлемнің 20 елінде, 132 мектепте жұмыс істейді және онда 70 мыңнан астам студенттерді оқытады. Осы жобаны іске асыру қалада 1000 жаңа мектеп орнын, 250 балабақша орнын және 200 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Елорданың жыл сайынғы туу деңгейін ескере отырғанда, мектептің құрылысы қаладағы мектепке дейінгі және орта білім берудегі елеулі жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Нұр-Сұлтандағы жаңа жеке меншік мектептерді құрудағы отандық инвесторлар арасында ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.
SABIS туралы мәліметтер:
Ынтымақтастық туралы меморандумдар: