Astana Invest ағымдағы жылы 30 қазан мен 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін МЖӘ-нің бірінші инвестициялық форумына қатысуда.
Форум инвесторлардың, халықаралық ұйымдардың, жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінің кең ауқымын біріктірді. Осылайша, форумға Азия даму банкінің, ЭЫДҰ, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының, БҰҰ АТМЭӘК, МЖӘ орталықтарының және МЖӘ кәсіпқойлардың дүниежүзілік қауымдастығының, Корей денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI), PwC, Ernst&Young, АХҚО өкілдері, халықаралық сарапшылар, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Беларусь және Тәжікстан МЖӘ орталықтарының, ҚР министрліктері мен облыс әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ ҚР бизнес-қауымдастығының өкілдері қатысады.
МЖӘ форумы аясында 1 қарашада МЖӘ саласында білім, тәжірибе және озық тәжірибе алмасу бойынша бірқатар семинарлар мен мастер-кластар өткізу жоспарлануда. Спикерлер 2030 жылға дейінгі инфрақұрылымдағы трендтер, Кореядағы МЖӘ муниципалдық жобаларын іске асыру тәжірибесі, Австралиядағы көліктік және әлеуметтік-инфрақұрылымдық МЖӘ-нің тәжірибесі мен алынған сабақтары, қаржылық құрылымдаудың практикалық аспектілері және МЖӘ жобаларын іске асырудың бюджеттік аспектілері туралы бөліседі.