АДБ өкілдігінің директоры Нариман Маннапбеков мырзамен Қазақстандағы Азия Даму Банкімен, оның ішінде Нұр-сұлтан қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.
Кездесу барысында мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері, сондай-ақ Astana Invest қалалық инвестицияларды дамыту орталығының қызметі таныстырылды.
Сонымен қатар, Маннапбеков мырза АДБ қатысуымен әлеуетті жобаларға талдау жүргізуге дайын екенін хабарлады. Кездесу нәтижесінде тараптар одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді.