АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Қазақстандық инвестормен білім беру саласындағы перспективалық жобалар талқыланды

stay
stay
stay
[HTML]

Astana Invest Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев білім беру саласындағы перспективалық жобаларды дамыту мәселелерін талқылау үшін «Бек-Ай» компаниясының басшысы Қыдырәлі Болмановпен кездесу өткізді. Қазіргі уақытта компания Қазақстан қалаларында «Қарақат» - мектеп студиясы» бірқатар білім беру жобаларын сәтті жүзеге асырды.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласы білім беру саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға және қолдауға ерекше назар аударады. Жеке және жалпы білім беретін мектептер салу үшін инвесторлар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде астана аумағында Astana Invest көмегімен бүгінгі күні 40 мыңға жуық оқушы орнын құра отырып, 37 инвестициялық жоба белсенді іске асырылуда. Осы жобалар бойынша инвестициялардың жалпы сомасы 90 млрд. теңгеден асады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы білім беру саласында жалпы құны 13,7 млрд.теңге болатын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда.