АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Корея бизнес өкілдерімен онлайн кездесу

[HTML]

Ү.ж. 26 наурызда Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығымен бірлесіп, Korean International Trade Agency Халықаралық қатынастар бойынша вице-президенті Чо Хакхи мырза мен Кореяның ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен онлайн кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Дүйсенбаев құттықтау сөз сөйледі.

Astana Invest Басқарма Төрбағасы Ержан Балтаев елорданың инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, сондай-ақ, инвесторларды сүйемелдеу және тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы бөлісті.

«Корей экономикасының жоғары әлеуетін ескере отырып, медицина, IT-инновациялар, құрылыс секторы және энертегика сияқты бағыттар бойынша жұмысты жандандыру ұсынылады» деп атап өтті Ержан Балтаев.

Сонымен қатар, екіжақты сауда қатынастарының ағымдағы жағдайы туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Dongil Construction (Highvill) директоры Пак Сонг Чил мырза баяндама жасады, ол Қазақстанда жобаларды іске асырудың табысты тәжірибесімен бөлісті.