Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында а.ж. 17-19 қараша аралығында «Қазақстанның инвестициялық тартымдылық және оның компоненттері» тақырыбында онлайн семинар өтуде, оның жұмысына «AstanaInvest» ҚИДО» ЖШС Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев қатысып, баяндама жасады.
Өз сөзінде Ержан Балтаев инвестициялық климатты жақсарту аясында Елорданың негізгі жетістіктерін атап өтіп, инвесторларды тарту және сүйемелдеу бойынша жұмыстағы Astana Invest қызметі мен рөлі туралы айтып берді.
Семинар инвестициялық саясатты жетілдіру мәселелерін зерделеу мақсатында ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, АХҚО, ұлттық компаниялар өкілдерінің және т.б. қатысуымен өтуде.