Астана қаласы әкімдігі, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан «Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналды шаруашылық басқармасы» ММ атынан «Астана қаласынын көшелерін ақылды жарықтандыруды құру және пайдалану» жоба бойынша 2019 жылының 15 қаңтарында жарияланған жеке әріптес тандау конкурсы туралы хабарлайды.
МЖӘ жоба объекті:
Астана қаласының көшелерін ақылды жарықтандыруды құру және пайдалану.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында көрсетілген біліктілік талаптарына таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға жауап беретін барлық әлеуетті жекеше әріптестер жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімдемесі және әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Төмендегі көрсетілеген мекен-жай бойынша: конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған кезден бастап, сағат 8.30-дан 13.00-ге және 14.30-ден 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайында № 606а кабинете конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін алуға болады.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакеті тегін беріледі.
Жекеше әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 606а кабинет «Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналды шаруашылық басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол тапсырады.
Біліктілік талаптарына сай жекеше әріптестік әлеуетті сай екендігін растайтын құжаттарды ұсынудың ақырғы мерзімі 2019 жылдың 5 ақпан, Астана қаласының уақыты бойынша 12.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 2019 жылдың 22 ақпан, Астана қаласының уақыты бойынша 12.00-ге дейін.
Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 611 кабинет мекен-жайында 2019 жылдың 22 ақпанында Астана қаласының уақыты бойынша 15.00-де жүзеге асырылады.
Анықтамалық ақпаратты «ASTANA INVEST» Қалалық Инвестицияларды Дамыту Орталығы» ЖШС 8 (7172) 647207, +77052925719 телефондары бойынша алуға болады.