АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Natige елордада жаңа зауыт салады

[HTML]

2020 жылғы 24 ақпанда «Astana Invest»» ҚИДО» ЖШС Басқарма төрағасы Ержан Балтаев «Нәтиже-тәтті» ЖШС директоры Сәуле Жанкинамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру – ұннан жасалған кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт салу мәселелерін талқылады. Бұл «Natige» компаниясының жаңа бағыты болмақ.

Қазіргі уақытта Astana Invest көмегімен зауыт құрылысын бастау үшін қажетті құжаттарды дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.