2020 жылдың 12 қарашасында "Astana Invest "ГЦРИ" ЖШС Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшілігімен бірлесіп Abu-Dhabi Investment Office-пен онлайн кездесу ұйымдастырды.
Abu-Dhabi Investment Office-Абу-Даби Әмірлігіне инвестиция салуды қолдайтын орталық үкімет орталығы. Инвестициялық кеңсе ішкі және өңірлік нарықтарда ұзақ мерзімді және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін инвесторлар мен кәсіпорындарға қолдау көрсетеді.
Кездесу барысында Astana Invest Басқарма төрағасы Ержан Балтаев пен Abu – Dhabi Investment Office бас директоры Тарик бен Хенди екі мемлекеттің астаналары ұйымдарының қызметі мен инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.
Қорытындысы бойынша, инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу шеңберінде өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.