Metal Former – алюминий және фиброцемент негізіндегі құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын.
2023 жылы іске қосылған зауыт Астана қаласының «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан.
Кәсіпорын жылына 7200 тонна алюминий профильдерін, 2 млн шаршы метр қасбет материалдарын, сондай-ақ 1,5 млн шаршы метр шатыр өнімдерін шығара алады.
Metal Former зауытының өнімдері «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысына жөнелтіліп жатыр.
Өндіріс үдерісі туралы толығырақ біздің бейнероликтен біле аласыз.
#Қазақстандажасалған #MetalFormer #Астана #ИндустриялықПарк