АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

«MATH-Language «SEED SCHOOL» компаниясы Нұр-Сұлтанда жаңа жеке меншік мектеп салуды жоспарлап отыр

[HTML]

Бүгін Astana Invest алаңында «MATH-Language «SEED SCHOOL» компаниясымен кездесу өтті.

Елордада қазірдің өзінде математика, логика, ағылшын, қазақ тілдері және жаңа технологиялар (робототехника, радиотехника, информатика) бойынша тереңдетіп оқытатын SEED SCHOOL мектебі бар.

Кездесу барысында компания Астана қаласында 640 оқу орындық жаңа жеке мектеп құру туралы өз ниетін білдірді. Жаңа мектептің құрылысы 150 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Astana Invest осы жобаны жүзеге асыруда мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынша кеңес өткізді.