«Jibek Joly» телеарнасы «RnR Group» нан зауытынан репортаж ұсынады
Онда цифрландырудың жұмысшы мамандықтарына қалай ықпалы жайлы баяндалады. Репортаж тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп, нан-тоқаш өнімдерінің кең ассортиментін ұсынатын өндіріс туралы.
Зауытта өнім сұрыптаушы болып еңбек ететін Назима Сарбасованың жұмыс күні таң шапағымен басталады. Талай жыл кондитер болғанына қарамастан, ол нан пісіруді өзінің сүйікті ісі санайды. Назима күніне екі мың бөлкеге дейін нан өңдейді.
«RnR Group» нан зауытындағы заманауи технологиялар мен адам шеберлігінің үйлесімі туралы толығырақ сюжетті мына сілтеме бойынша көріңіздер:
https://youtu.be/LmUg2t91WBI?si=_J2cppC0b7zdLvsq