МЖӘ жобасының объекті - «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық емхана» МКК мүлік кешені.
Конкурстарға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттамаларға жауап беретін барлық әлеуетті жекеше әріптестер жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімдемесі және әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар конкурстық құжаттамаларда көрсетілген.
Төмендегі көрсетілеген мекен-жайлар бойынша: конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған кезден бастап, сағат 8.30-дан 13.00-ге және 14.30-ден 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ № 422 кабинете конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін алуға болады.
Конкурстық құжаттамалар көшірме пакеттері тегін беріледі.
Жекеше әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 422 кабинет «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол тапсырады.
Анықтамалық ақпаратты «AstanaInvest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС 8 (7172) 647214, +77014883569 телефондары телефондары бойынша алуға болады.