АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Испандық компания елордада нөсер кәріздерін салу бойынша келіссөздерді жалғастыруда

stay
stay
[HTML]

2021 жылғы 29 маусымда Astana Invest Басқарма төрағасы Ержан Балтаев Aqualia Африка мен Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік менеджер Оскар Пеляез Гарсиямен онлайн - кездесу өткізді.

Испандық aqualia компаниясымен кезекті кездесуде тараптар елордада нөсер кәріздерін салу және дамыту жобасы бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ инвестициялық преференциялар беру шарттарын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша испандық компания өкілдерінің алдағы сапарына дайындық туралы, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласында мүдделі органдармен және ұйымдармен кездесулер бағдарламасын пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.