ҚХР тоқыма өнеркәсібі саласындағы инвестициялық перспективаларын ұсынды

[HTML]

Бүгін «ASTANA INVEST» қала инвестицияларын дамыту орталығы» Қытай Халықаралық Сауда Палатасы ұйымдастырған Қытайдың тоқыма өнеркәсібі одағы мен қытайлық тоқыма кәсіпорындарымен кездесуге қатысты.

Делегацияны тоқыма өнеркәсібі одағының төрағасы Сун Жуйчже мырза басқарды. Кездесуде АЭА «Оңтүстік» және «ҰК «KAZAKH INVEST» АҚ өкілдері сөз сөйледі.

Кездесу барысында «ASTANA INVEST» бірлескен ынтымақтастық мәселелері бойынша қытайлық инвесторлармен бірқатар келіссөздер жүргізді.