АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Инвестициялар сандарда

[HTML]

019 жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 189,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 44%-ға аз.

Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздері болып 78,1% (147,8 млрд. теңге) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа тиесілі, банктердің несиелері 4,5% (8,6 млрд. теңге), бюджет қаражаты 12,0% (22,6 млрд. теңге), басқа қарыз қаражаттары 5,4% (10,2 млрд. теңге).

Сыртқы инвестиция көлемі 28,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-мамыр айымен салыстырғанда 3,6 есеге азайды (101,3 млрд. теңге). Шетелдік инвестициялардың үлесі 30,2%-дан 14,8%-ға дейін азайды. Жан басына шаққандағы инвестиция көлемі 174,2 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,6% төмен.

Қаланың негізгі инвесторы шағын кәсіпкерлік болып табылады, инвестициялардың жалпы көлемінің 83,9% -ын құрайды (ірі бизнестің 11,8% -ы, орта бизнестің 4,3% -ы).

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Экономика Министірлігінің Статистика комитеті