АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Инвестициялар сандарда

[HTML]

2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 116,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 47,9%-ға аз.

Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздері болып 75,3% (87,8 млрд. теңге) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа тиесілі, банктердің несиелері 7,1% (8,3 млрд. теңге), бюджет қаражаты 11,3% (13,2 млрд. теңге), басқа қарыз қаражаттары 6,3% (7,4 млрд. теңге).

Сыртқы инвестиция көлемі 9,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-ақпан айымен салыстырғанда 6,5 есеге азайды (58,4 млрд. теңге). Шетелдік инвестициялардың үлесі 26,2%-дан 7,7%-ға дейін азайды. Жан басына шаққандағы инвестиция көлемі 107,6 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,3% төмен.

Қаланың негізгі инвесторы шағын кәсіпкерлік болып табылады, инвестициялардың жалпы көлемінің 80,9% -ын құрайды (ірі бизнестің 13,9% -ы, орта бизнестің 5,2% -ы).

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Экономика Министірлігінің Статистика комитеті