2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 49,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 22%-ға аз.
Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздері болып 71% (35,5 млрд. теңге) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа тиесілі, банктердің несиелері 12,9% (6,4 млрд. теңге), бюджет қаражаты - 8,6% (4,3 млрд. теңге), басқа қарыз қаражаттары 7,5% (3,7 млрд. теңге).
Сыртқы инвестиция көлемі 2,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-ақпан айымен салыстырғанда 1,5 есеге азайды (3,8 млрд. теңге). Шетелдік инвестициялардың үлесі 6%-дан 5,2%-ға дейін өсті.
Пайдалану тұрғысында ең үлкен үлес жылжымайтын мүлік (46,9%), тасымалдау және қоймалау (17,9%), өнеркәсіп (17,5%) (электр энергиясы, газ, бу беру және ауаны баптау) бойынша жүргізіледі.
Қаланың негізгі инвесторы шағын кәсіпкерлік болып табылады, инвестициялардың жалпы көлемінің 79,8% -ын құрайды (ірі бизнестің 16,5% -ы, орта бизнестің 3,7% -ы).
Дерек көзі: ҚР Ұлттық Экономика Министірлігінің Статистика комитеті