Білім саласына инвестициялар - Сингапур инвесторлары Қазақстанның білім саласына инвестиция салуға ниет білдірді

[HTML]

«ASTANA INVEST» Қалалық Инвестицияларды Дамыту Орталығы» ЖШС Астана қаласының инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Астана қаласының білім басқармасымен және «KAZAKH INVEST» Ұлттық Компаниясы» АҚ-мен «KinderWorld International Group» өкілдерімен кездесті.

«KinderWorld International Group» халықаралық компаниясы Қазақстандағы балабақша - мектеп-колледж-университет деген үздіксіз оқытуға арналған білім беру орталықтарын құру жобасы бойынша Қазақстаның Астана, Алматы және Шымкент қалаларына инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастыруда.

Елордада пилоттық жобаның төрт сатыда жүзеге асырылуы қарастырылуда. Алғашқы кезеңде балабақша мен бастауыш мектеп, екінші кезеңде - орта мектеп, үшіншіде - колледж және төртінші кезеңде - университетті құру жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың қазан айында Сингапурдағы инвестициялық форум аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.А. Сағынтаевтың «KinderWorld International Group» компаниясының басшылығымен кездесу өтті.

Компания туралы ақпарат:

  • Компания өзінің қызметін 1986 жылы Сингапурда бастап үздіксіз білім беру желісін жүзеге асырды. Білім беру бағдарламасы STEM білім беру жүйесін (ғылым, техника, машина жасау және математика) белсенді дамытуға бағытталған.
  • Мектептер халықаралық ұйымдардың аккредитациясынан өтті: Сингапурлық емтихандар және бағалау жөніндегі кеңес (SEAB), Кембридж университеті, ACT білім беру шешімдері, сонымен қатар беделді бағдарламалардың сертификаттары үшін емтихан тапсырады, соның ішінде iPSLE (Халықаралық бастауыш білім беру емтихандары), IGCSE (Жалпы орта білім туралы халықаралық сертификат) және GAC (Жаһандық бағалау сертификаты). Бұл мектеп бітірушілерге әлемнің 100 үздік университеттеріне түсу үшін білім алуға мүмкіндік береді.