«Astana Invest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы Басқарма төрағасы Ержан Балтаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар мекемелер қызметі туралы ақпарат алмасып, біріге жұмыс жасау жолдарын қарастырды. «Astana Invest» Big Data Campus жобасына инвестиция тарту бойынша біріге жұмыс жасауға ынталы екенін жеткізді. Сонымен қатар, кездесу барсында шағын және орта бизнеске техникалық қолдау көрсету жағы да талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өз уәуілеттіліктері аясында астананың инвестициялық жағдайын жақсартуға үлес қосып, жұмыс істеу туралы келісімге келді.
Анықтама:
Бүгінгі таңда Қазақстанда Дүниежүзілік банк екі бағытта жұмыс атқарады – инновациялық жобаларды қолдау мен шағын және орта бизнеске қолдау көсету. Қазақстан МАР-да басқа Дүниежүзілік банктің барлық ұйымдары мүшелігіне кіреді. Дүниежүзілік банк тобы Қазақстандағы сырттай қаржыландыру көзінің ең көлемділерінің бірі саналады.