«Digital System Servis» зауыты

stay
stay
stay
Астана қаласындағы №1 индустриялық паркте орналасқан «Digital System Servis» зауыты CUMAN белгісімен – телекоммуникация жабдықтарын шығаратын отандық өндіруші. 100-ге жуық қызметкер еңбек ететін зауытта күніне 1000-ға дейін электронды тақта құрастыруға мүмкіндік бар. Мұнда Wi-Fi роутерлер, коммутаторлар, модемдер және телефон аппараттары жасалады. Компанияның өнімдері бүгінде ҰҚК, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінде, Президент Іс басқармасы мен «Қазақстан темір жолы» сынды ірі мекемелерде қолданылады. Зауыттағы өндіріс барысымен келесі бейнероликте таныса аласыздар. #Қазақстандажасалған #Астана #Индустриялықпарк https://www.instagram.com/p/DTKZxzIDMux/