Өткен демалыс күндері Astana Invest, «Нұр-Сұлтан» Инвестициялар және бизнесті дамыту басқармасы, «Astana Innovations» АҚ және «Астана» технополисі АЭА АҚ-мен бірлесіп, көшелерді қардан тазарту бойынша «Біз біргеміз» шақыруын қолдады. Бірнеше сағаттық жұмыс барысында астаналық No70 мектеп-лицейінің аумағы тазартылды. Біз осындай керемет акцияға қатысқанымызға қуандық #Бізбіргеміз