Бүгін, 2018 жылдың 15 қарашасында «ASTANA INVEST» қалалық инвестицияларды дамыту орталығында МЖӘ тетігін қолдануды түсіндіру бойынша Қазақстанның Даму банкі өкілдерімен кездесу өтті.
Осы кездесу барысында ASTANA INVEST Басқармасы Төрағасының Орынбасары Жанара Мусатаева МЖӘ жобаларын дайындаудың негізгі кезеңдері туралы егжей-тегжейлі айтып, сондай-ақ жалпы МЖӘ туралы заңнама бойынша кеңес берді.
Өткізілген кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Нұр-Сұлтан қаласының МЖӘ жобаларын іске асыру мәселесін пысықтау үшін қажетті ақпарат алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.