Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов Jiangsu Soho Holding Group Co., Ltd. компаниясымен а жұмыс кездесуін өткізді
Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов
Jiangsu Soho Holding Group Co., Ltd. компаниясымен а жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында елордада көпбейінді қонақүй кешенін, бизнес-орталық пен көрме павильондарын салуға бағытталған маңызды инвестициялық жобаны іске асыру мәселесі қаралды.
Jiangsu Soho — халықаралық сауда, инвестициялар және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар Қытайдың ең ірі мемлекеттік корпорацияларының бірі.
Аталған жоба стратегиялық маңызға ие және іскерлік белсенділік пен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.