Астанада түрік инвесторларымен логистикалық әріптестік талқыланды

stay
stay
stay
stay

Астанада түрік компаниясы S-Sistem Lojistik Hizmetler бас директоры Хусейн Барлинмен
конструктивті кездесу өтті.

Кездесу барысында 50 миллион доллардан астам инвестиция көлемі бар логистикалық кешен салу жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Аталған жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен Түркия арасындағы логистика және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды қадам болады деп күтілуде.