Astana Invest фронт-офисінде Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасының бас директорымен кездесу өтті

stay
stay
stay
stay
stay
stay
Astana Invest фронт-офисінде инвестициялар мен кәсіпкерлікті дамыту басқармасының орынбасары Темірлан Келдібаев Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасының бас директоры Ольга Ларсенмен және жетекші норвегиялық компаниялардың өкілдерімен кездесті.

Темірлан Келдібаев инвесторларға мемлекеттік қолдау механизмдерін таныстырып, жұмыс істеп жатқан инвестициялық жобалар туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ бизнес үшін тартымдылығы жоғары еркін экономикалық аймақтар туралы баяндады.

Тараптар ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарының кең спектрін талқылады. Сондай-ақ, төмендегі компаниялармен жобалар қарастырылды: Cambi ASA биогаз қондырғыларын салу және қалдықтарды тұрақты өңдеу мүмкіндіктерін зерттейді, Optimar балық өңдеу жабдықтарын жергілікті өндіріске енгізуге қызығушылық танытады, ал Taraxa табиғи каучук өндірісін экологиялық таза әдіспен енгізуді қарастырады. Mørenot Aquaculture өкілдері аквакультураны дамыту туралы, оның ішінде жабдықтар мен цифрлық шешімдерді жеткізу туралы әңгімеледі, Tschudi Shipping Company логистика саласындағы бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр, Norwegian Product Solutions энергетика, кеме қатынасы және IT саласындағы жобалар туралы баяндады, ал Gexcon өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді талдау және басқару шешімдерін ұсынды.

Қос тарап әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық білдірді.