Бүгін «Astana Invest» фронт-офисінде басқарма төрағасы Асхат Бекеевтің жетекшілігімен арнайы экономикалық аймақ қатысушыларымен кездесу өтті.
Оның аясында №1 Индустриялық парк аумағындағы кәсіпорындарды газбен және басқа да маңызды инженерлік инфрақұрылымдармен қамту жөніндегі шешімдер талқыланды.
«Qazaq Zhylu» компаниясының директоры Жәнібек Мұхамбеталы газға қосылу шарттарын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.