Астана – Қазақстанның жүрегі, инновациялар мен бизнестің ордасы
Елордадағы экономиканың қозғаушы күші – №1 Индустриялық парк.
20 жыл ішінде мұнда бірегей өндірістік кешендер қалыптасты.
Осы жерде өндірілген машиналар Қазақстанның ең шалғай ауылдарына күн сайын сәлемдемелер жеткізеді. Бұл зауытта құрастырылған локомотивтер елдің теміржол инфрақұрылымының дамуына ықпал етеді.
Ал мұнда шығарылатын бронетранспортерлер мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұр.
Паркте кең ауқымды тұтыну тауарлары да өндіріледі. Оның ішінде: тыныс жолдарын қорғауға арналған респираторлар, ұн өнімдері, парфюмерия, арнайы жұмыс киімдері және тағы да басқа тауарлар.
№1 Индустриялық парк толық қуатына қосылған кезде, 150 инвестициялық жобаға арналған екінші индустриялық парктің құрылысы басталды.
Сондай-ақ, заманауи қоймалар мен логистикалық нысандарды қамтитын Логистикалық парк құрылып жатыр.
Агроөнеркәсіптік аймақ жобасы іске қосылып, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп секторларын біріктіруге маңызды қадам жасалуда.
«Астана – Технополис» негізінде деректерді өңдеу орталықтарын біріктіретін кластер қалыптасуда.
Бұл бастамалар Елордамыздың Орталық Азиядағы технологиялық хаб ретінде орнығуына ықпал етеді. Астананың өнеркәсібі – экономикалық өсудің катализаторы және өркендеудің кепілі. Қала жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, қарқынмен дамып келеді.