Астана қаласының әкімінің орынбасары Евгений Глотов Қытай Халық Республикасының Цзиньхуа және Цзянсу провинцияларында кездесу өткізді

stay
stay
stay
stay
stay
stay
stay
stay
stay
Астана қаласының әкімінің орынбасары Евгений Глотов Қытай Халық Республикасының Цзиньхуа және Цзянсу провинцияларында болған жұмыс сапары аясында жергілікті әкімдіктер мен бизнес өкілдерімен бірлескен жобаларды талқылау үшін кездесу өткізді.

Иу қаласында (Цзиньхуа провинциясы) қала және провинция басшылығымен, сондай-ақ, YXE Trading Service Group Co.Ltd компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Астана арқылы өтетін теміржол көлік бағыттарын дамыту мәселесі қаралды. Сондай-ақ «Иу-порт» логистикалық орталығының жұмысымен таныстық — оның тәжірибесі Астанада заманауи логистикалық парк құру барысында пайдаланылатын болады. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі шамамен 300 миллион АҚШ долларын құрайды, бірінші кезеңі бойынша 50 миллион доллардан астам қаржыға келісімді іске асыруға дайындық жүріп жатыр.

Цзянсу провинциясындағы Нанкин қаласында Soho Holding Group, Soho Yaoou Interconnection Group және Jiangsu Soho Holdings Group Co., Ltd компанияларының басшыларымен кездесулер өтті. Астанада қонақ үйі, сауда, кеңсе және көрме алаңдарын қамтитын көпбейінді орталық салу мәселесі талқыланды. Жобаның инвестициялық көлемі — 60 миллион АҚШ долларынан асады, бірлескен қызмет туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

Сонымен қатар, Huawei компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Онда Астанада 50G PON технологиясын енгізу бойынша пилоттық жоба талқыланды. Бұл — деректерді 50 Гбит/сек дейінгі жылдамдықпен жеткізуге мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы оптикалық желі. Жоба - елордада жоғары жылдамдықтағы цифрлық инфрақұрылымды дамытуға негіз болады. Шынайы жағдайдағы тестілеу - бүкіл ел көлемін қамти алатын құзырлылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Аталған барлық жобалардың іске қосылуы биылғы жылға жоспарланған және олардың жүзеге асырылуы қалалық инфрақұрылымды дамытуға, логистикалық базаны нығайтуға және елорда экономикасына тікелей шетелдік инвестиция тартуға бағытталған.