Astana Invest пен Turkistan Invest өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

[HTML]

Бүгін Түркістан қаласында «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев «Turkistan Invest» инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігінің Басқарма Төрағасы Медеу Ділдабаевпен кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша Astana Invest пен Turkistan Invest арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласы мен Түркістан қаласының инвестициялар тарту саласындағы ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту және әріптестік қатынастарды орнату.

Астаналық делегацияның сапары аясында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен келешегі талқыланды, сондай-ақ инвестициялар тарту саласындағы кешенді мәселелер бойынша тараптар пікір алмасты.

Өз кезегінде М.Ділдабаев инвестициялар секторын дамытудың ағымдағы күйі мен индустрияландыру және инвестициялар саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жалпы ақпаратты ұсынды.

Е.Балтаев туристік инфрақұрылым бойынша ірі жобаларға жергілікті және шетелдік инвесторлардың қатысу мүмкіндігін ерекше атап өтті, сондай-ақ инвестициялар тарту саласындағы бүгінгі меморандум жасасу екі өңірдің тығыз ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.