2021 жылғы 13 мамырда «Kazakh Invest» Ұлттық Компаниясы» АҚ және «Astana Invest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында компаниялардың өзара әрекеттесудің жаңа мүмкіндіктері талқыланды.
«Astana Invest» Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев Қалалық инвестицияларды дамыту орталығының қазіргі қызметі туралы ақпаратпен, сондай-ақ инвесторларды тарту бойынша жоспарлармен таныстырды. Жаңа инвестициялар ағынын ынталандыру, қаланың іске асырылып жатқан жобаларын қолдауды ұлғайту және елорданың инвестициялық климатын жақсарту үшін өзара іс-қимылдың ықтимал нысандары туралы ұсыныстар енгізілді.
Сонымен қатар, ұсынылған бастамалар арасында инвестициялар саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу, ірі шетелдік инвесторларды Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиялары арқылы тарту, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялық имиджін шетелде ілгерілету арқылы қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өңірлік блогының басшысы Марат Есенов шетелдік инвесторлармен өзара әрекеттесудің ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту құралдарын түсіндірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ағымдағы инвестициялық мәселелерді шешу, сондай-ақ бірлескен іс-шараларды дайындауды талқылау жөнінде тұрақты негізде кездесулер өткізу туралы келісті.