Астана қаласындағы №1 Индустриялық паркте «Аромат» парфюмериялық зауыты жұмыс істейді.
Кәсіпорын заманауи жабдықталған жеке зертханамен қамтамасыз етілген және Италия мен Франциядан жеткізілетін жоғары сапалы шикізатты пайдаланады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 5 миллион флаконға дейін жетеді.
Өнімнің 90%-ы жақын және алыс шетелдерге экспортталады. Бүгінде компания өнімдері Қазақстаннан тыс жүздеген сауда нүктелерінде ұсынылып, ішкі нарықта да табысты сатылып, отандық өнеркәсіптің дамуына үлес қосып келеді.
https://www.instagram.com/p/DSkRj33DGcr/?hl=ru
#Қазақстандажасалған #Астана #индустриялықпарк