Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырған туристік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша «Туристердің күтуі және шындық» стратегиялық сессиясы өтті.
Сессияға мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілерінің өкілдері, Astana Invest - тен Туристік инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Саят Құсайынов қатысты.
Сессия барысында қатысушылар осы саланың өзекті мәселелерін талқылап, қорытындысы бойынша Қазақстандағы туристік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірледі.