АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Нұр-Сұлтан әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды іздеуде

[HTML]

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі әлеуетті жекеше әріптестерді тарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы білім саласындағы МЖӘ тетігі қолданылатын жобаларды талқылауға (бәсекелі диалог құруға) шақырады.

  • жалғастыра салынған жайлардың (немесе жаңа нысандардың) құрылысымен бірге мемлекеттік мектептерді сенімгерлік басқаруға беру;
  • білім беру мекемелерінде (мектептер, бала бақшаларда) мектептік тамақтануды қамтамасыз ету.

Бәсекелі диалог, әрбір мүдделі әлеуетті жеке әріптестің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жобаның техникалық, қаржылай, заң және өзге де қажетті параметрлерін қалыптастыру үшін ұйымдастырылады.

Егжей-тегжейлі ақпаратты «ASTANA INVEST» Қалалық Инвестицияларды Дамыту Орталығы» ЖШС-нан келесі телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 64 72 12, 8 (775) 474 47 77 Асхат Шарипов.