Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі МЖӘ тетігін қолдана отырып, мәдени инфрақұрылым саласындағы жобаларды жоспарлауға әлеуетті жекеше әріптестерді тарту мақсатында жобаларды іске асыру нұсқаларын жинау үшін әлеуетті жекеше әріптестердің мүдделерін білдіруге сұрау салу туралы хабарлайды:
- «Мәңгілік ел» Триумфалды қақпасын сенімді басқаруға беру;
- «Атамекен» Қазақстан Картасы Этно-мемориалдық кешенін сенімгерлік басқаруға беру.
Жобалармен кейіннен пайдалану үшін «Мәңгілік ел» Триумфалды қақпасы мен «Атамекен» Қазақстан Картасы» Этно-мемориалдық кешенін сенімгерлік басқаруға беру алдын ала болжанып отыр.
Негізгі параметрлері:
«Мәңгілік ел» Триумфалды қақпасы»:
Көрме залы:
бірінші қабат, жалпы ауданы – 118,2 ш. м. (орынжай-84 ш. м.);
үшінші қабат (екі галерея орналасқан) жалпы ауданы – 111,3 ш. м. (орынжай – 45,9 ш. м., орынжай-38,1 ш. м.)
Қарау алаңы:
тұрақты панорамалық бинокльдермен жабдықталған;
жалпы ауданы-215,8 ш. м.
Жерасты өткелі:
шағын бутиктерді орналастыру және LED экрандарды орнату мүмкіндігі;
жалпы ауданы-2012,2 ш. м.;
жерасты өткелі - 907,4 ш. м.
«Атамекен» Қазақстан картасы» Этно-мемориалдық кешені:
жер учаскесінің жалпы ауданы-4,3 га;
макеттер алатын алаң-1,7 га;
жалпы ауданы 765,3 ш.м. бір қабатты ғимарат, салынған жылы – 2001 ж.
макеттердің жалпы саны – 416.
Жобаны іске асыру кезеңі конкурстық құжаттамада айқындалатын болады.
Сұрау салу бойынша осы жобаға қызығушылық білдіру ұсыныстарын мына мекенжай бойынша ұсынылсын: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 7 қабат, каб. 744.
Ұсыныстарды ұсыну мерзімі: 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады.
Толық ақпаратты «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» ММ 8 (7172) 55-67-76 телефоны бойынша Марденова А. және «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығында Шәріпов А. 8 (7172) 64 72 12 телефоны бойынша алуға болады.