АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі инвесторларды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын жүзеге асыруға шақырады

[HTML]

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ықтимал жеке серіктестерді тарту үшін МЖӘ тетігін қолдана отырып «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды реконструкциялау және пайдалану» жобасын талқылауға (бәсекелестік диалог) шақырады.

Жоба жеке серіктестің өз қаражаты есебінен стадионды реконструкциялауды және оның әрі қарай жұмыс істеуін қарастырады (техникалық). Пайдалану мерзімі МЖӘ шартында анықталады.

Бұдан басқа, жобада мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылуы мүмкін, олар жобаның тендерлік құжаттамасында айқындалады.

Жобаның техникалық, қаржылық, құқықтық және басқа қажетті параметрлері бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру үшін әр мүдделі жеке серіктестіктің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, бәсекелестік диалог ұйымдастырылады.

Толық ақпаратты «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінен 8 (7172) 55 74 24 Көгершін Әбжан және «AstanaInvest» 8 (7172) 64 72 14, 8 (701) 488 35 69 (Алданыш Косубаева) телефондары арқылы алуға болады.