«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын ашатын болады

[HTML]

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту Басқармалары және «АЛДАР ЕвроАзия» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа қол қою тараптардың ұзақ мерзімді серіктестігін құруға бағытталған, атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту Орталығында тіркеуде тұрғандарды қоса елорда тұрғындарын жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы «Әбу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені (КФК) жобасының жұмысы шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлау.

Қазіргі уақытта «Әбу-Даби Плаза» КФК құрылысы елорданың ірі және маңызды жобалардың бірі болып табылады.

Жалпы алғанда, жаңа нысандарды іске қосу, сондай-ақ қолданыстағы кәсіпорындардың дамуы нәтижесінде жыл сайын елордада 19-20 мың тұрақты жұмыс орны құрылуда.

Бүгінгі күні елордада экономикалық белсенді халық саны 531,3 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылған халық саны - 507,2 мың адам. Нұр-Сұлтанның индустриалды-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық дамуының аясында, «Әбу-Даби Плаза» КФК нысандарында жаңа жұмыс орындарын құру елордамыздың еңбек нарығындағы жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Анықтама:

  • Нұр-Сұлтан ең төменгі жұмыссыздық деңгейі бойынша көшбасшы, бұл ұлттық көрсеткіштен 0,3 төмен 4,5% құрайды.
  • 2018 жылы жұмыспен қамту Орталығына 20,0 мыңнан астам жұмыс іздеушілерден өтініш түскен, 11 888 адам (57,3%) жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, соның ішінде: 11 155 адам жұмысқа орналастырылды.
  • 2018 жылы 19 987 тұрақты жұмыс орындары, оның ішінде шағын және орта бизнес саласында 17 581 жұмыс орны ашылды.
  • 2019 жылы 10 мыңнан астам адам өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылатын болады.
  • Жыл сайын жұмыспен қамту Орталығы елордада жұмыс берушілер үшін еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастыруда.