Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күнімен, сондай-ақ Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституция – тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы ең маңызды тарихи қадам болды. Бұл құжат – еліміздің демократиялық қағидаттарға негізделген құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғамдық тұрақтылық пен бірліктің кепілі.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, тұрақтылық пен табыс тілейміз! Әрдайым заңға деген құрмет пен елге деген сенім нығая берсін.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – болашағымыздың берік тірегі!